Алматыда үш бала суға батып кетті

13 Ақпан 2020, 09:46
Сурет: Қостанай медиа

Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалған оқушыларды іздестіру шараларын тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Өкінішке қарай, Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсенғалиевтер қаза тапты.

- Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді анықтау жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда болады, деп жазды желіде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алғабас ықшамауданында 2006 жылы туған балалардың жоғалып кеткені хабарланған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?