Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Сенат төрағасы ДДҰ өкілдерімен денсаулық сақтау мәселелерін талқылады

Ханс Клюге әңгіме барысында коронавирустың таралуына жол бермеуді көздейтін қабылданған барлық шаралар үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Сурет : ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі13 Ақпан 2020, 17:43

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Шараға Парламент Сенатының депутаттары, ДДҰ Женевадағы өкпе аурулары жөніндегі Жаһандық бағдарламаның директоры Тереза Касаева, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы елдерімен стратегиялық қатынастар жөніндегі үйлестіруші Бақтыгүл Кариева, ДДҰ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Кэролайн Кларинваль, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысты.

Кездесуге қатысушылар ана мен бала денсаулығын сақтау және нығайту, АИТВ/ЖИТС-пен күресу және алдын алу, санитарлық қызметті жетілдіру және отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудың келешек бағыттарын талқылады.

Сенат nөрағасы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі Астана декларациясын ілгерілетуге ДДҰ-ның қолдау көрсеткені үшін Х.Клюге алғыс білдірді. Палата Төрағасының айтуынша, жалпыға бірдей денсаулық сақтау қызметтерімен қамтудың негізі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімді және тұрақты жүйесі болып табылады.

Ханс Клюге әңгіме барысында коронавирустың таралуына жол бермеуді көздейтін қабылданған барлық шаралар үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Дариға Назарбаева қазіргі кезде әзірленіп жатқан әрі мемлекет, жұмыс берушілер мен халықтың азаматтардың денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ денсаулық сақтауды цифрлық тұрғыда дамытуды көздейтін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жайында ДДҰ өкілдерін хабардар етті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер