Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ақмола облысында 1993-ші туған қыз жоғалып кетті

Қазіргі таңда қыздың орналасқан жері туралы ешқандай ақпарат жоқ. Ұялы телефоны әлі де өшірулі.

Сурет : Polisia.kz14 Ақпан 2020, 08:29

Ағымдағы жылдың 11-ақпанында Көкшетау қалалық ІІБ кезекші бөліміне Зеренді ауданы Симферополь ауылының 57 жастағы тұрғынынан қызы Ахмет Шолпан Жұмабекқызын (26.06.1993 ж.т.) іздестіру үшін шаралар қолдану туралы арыз келіп түсті. 7-ақпаннан бастап азаматшаның қай жерде екені белгісіз, деп хабарлайды zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бойы-156 см-ге жуық, тығыз денелі, қара түсті, каре шашты, оң жақ ернінің үстіңгі жағында қалы бар. Соңғы рет тобыққа дейінгі ұзындықта жасыл түсті күртешеде, қара түсті бас киімде, көк түсті джинсыде, аяғында қоңыр бәтеңкесі болған.

Аталған факті бойынша Көкшетау қалалық ішкі істер бөлімшесінің жедел-тергеу тобы шығып, оқиға орнына тексеру жүргізді. Анасы 7-ақпан күні Көкшетау қаласына халыққа қызмет көрсету орталығына келіп кеткенін айтты. Анасы қоңырау шалғанда,телефоны өшірулі болған. Қазіргі таңда қыздың орналасқан жері туралы ешқандай ақпарат жоқ. Ұялы телефоны әлі де өшірулі. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері із–түзсіз жоғалып кеткен азаматшаның орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Осыған байланысты, полиция қызметкерлері Шолпан Ахметтің тұрған жері туралы қандай да бір ақпаратты білетін барлығынан арнайы “102” желісіне хабарлауды сұрайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер