Коронавирустың беті қайта бастады - сарапшылар

17 Ақпан 2020, 09:50
Сурет: Рен.тв

Қытайда COVID-2019 коронавирусын жұқтырушылар күнделікті тіркеліп жатыр, алайда сарапшылар оның беті қайтуына аз қалғанына сенімді, деп хабарлайды zakon.kz Ren.tv сайтына сілтеме жасап.

Лейшаншан мамандандырылған ауруханасының бас дәрігері Ван Синхуань індет өзінің шарықтау шегіне жеткеніне сенімді. Бұл туралы ол Қытайдың Орталық телеарнасына берген сұқбатында айтты.

Қазірдің өзінде бетбұрыс болып жатыр. Вирус жұқтырғандардың статистикасына келетін болсақ, көптеген тіркелген жағдайлар бұрын анықталғандар санатына жатады, - деп түсіндірді Синхуань.

Бас дәрігер ыстығы бар науқастардың саны күрт төмендегеніне, осымен бесінші күн екенін айтады.

Ол енді індет қайта бұрқ етіп бас көтермейді, өстіп-өстіп ақырын жойыла береді деп топшылайды.

17 ақпанда Хубей провинциясының билігі бір күнде 100 адам көз жұмды, мыңнан астамы емделгенін хабарлады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?