Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгінгі қазақ қызы қандай болуы керек – ҚызПУ ректоры

Қыздар университеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2020 17:48 Қыздар университеті
Бүгінгі күннің талабына сай тұлғаны қалыптастырудың өлшемдері басқаша.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова Сулейман Демирель атындағы университеттің студенттеріне "Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы" тақырыбында дәріс өткізді, деген жаңалық жеткізді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қоғаммен байланыс бөлімі.

Интерактивті форматта ұйымдастырылған жиында оқу орнының басшысы "Бүгінгі қазақ қызы қандай болуы керек?", "Заманауи әйел өз бойында дәстүрлер мен құндылықтарды қалай үйлестіре білуі қажет?", "Қыздарды нендей әлеуметтік мәселелер толғандырады және оны шешудің жолдары қандай?" сынды сауалдар төңірегінде кеңінен әңгіме өрбітті.

Өз кезегінде СДУ студенттері лекторға заманауи қоғамдағы нәзікжандылардың әлеуметтік ахуалы турасында сауалдар қойды. Болашақ мамандар бүгінгі қазақ әйелінің рөлін тарихи дәйектер мен деректерге сүйене отырып, ғылыми тұрғыдан баға беруге тырысты.

Гаухар Алдамбергенова дәріс барысында жастардың пайымды пікірлерін мұқият тыңдап, қазақ қызын ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер негізінде тәрбиелеу бағытында туындап отырған бірқатар маңызды мәселелерді ортаға салды.

– Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қараған ләзім. Бүгінгі қазақ бойжеткендері – ертеңгі еріне адал жар, перзенттерінің салиқалы анасы. Олардың бойында тағылымды тәрбие болғанын қалайтынымыз белгілі. Десе де бүгінгі күннің талабына сай тұлғаны қалыптастырудың өлшемдері басқаша. Уақыт ағымына орай құндылықтар да өзгеріп барады. Қазақ халқы қай кезеңде болмасын қыз бала тәрбиесіне жете мән берген. Ол – мәдениеттілікті идеалға бағдарлау арқылы яғни халыққа сыйлы адамдардың өнегелі ісін, рухани адамгершілік мәдениетін, беделі мен мінез-құлқын, білімі мен қабілетіне, қарым-қатынас мәдениетін үлгі ету арқылы қалыптастырған. Идеалды күнделікті өмірге қажетті басты бағдардың бірі деп есептеген. Мысалы, "Қозы Көрпеш, Баян сұлу", "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек" жырлары арқылы халық қазақ қыздарының рухани адамгершілікті бейнесін, моральдық келбетін, мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, киім киісін, өзара қарым-қатынасын өнеге етсе, Домалақ ана туралы аңызда қазақ әйелдеріне тән даналықты, ұстамдылықты, сезімталдықты, тапқырлықты үлгі тұтуға шақырған, – деді Қыздар университетінің ректоры.

Гаухар Алдамбергенованың айтуынша, қыз баланы "болашақ ана", "қонақ", "жат жұрттық" деп түсінген ұлтымыз бойжеткенге дауыс көтермеген, аялап өсірген. Бұл – адамның ішкі мәдениетінің жоғары көрсеткіші деп түсінген абзал.

Дәріс соңында отандық педагог кадрлардың ұстаханасына айналған ордалы оқу орнының басшысы жастарға өмірде кәдеге жарайтын ақыл-кеңестер берді, ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар ол бойжеткендердің нағыз қазақ қызына тән қасиеттерді бойына сіңірген азаматша болып қалыптасатынына сенім білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: