Жапонияда коронавирусы бар кемеде қамалған қазақстандықтардың жағдайы қалай - маман түсінігі

Википедия Википедия
Бұған дейін карантинде теңіз жағасында қалған Жапонияның круиздік кемесінде төрт қазақстандық бар екендігі хабарланған болатын.

Қазақстандағы жұқпалы аурулар бойынша жетекші маман Динагүл Баешева Жапонияның жағалауындағы "Diamond Princess" круиздік кемесінде қамалған төрт қазақстандықтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

14 күн өткен соң олардан (лайнердегі қазақстандықтар) сынама алынады. Біздің өкілдер олармен үнемі байланысып отыр. Олар Whats App арқылы сөйлесіп, хал-жағдайларын біледі. Әрине, қазір оларға қиын, өйткені жабық кеңістікте қалды ғой. Біздікілер (Қытайдан келген қазақстандықтар - ред.) құрлықта болды ғой, ал бұл арада үлкен кеме ішінде. Қалай дегенмен де карантин 14 күнге созылады. Менің білуімде, олар 19-да сынама өткізеді, жандарында балалар жоқ, - деді Қазақстанның бас инфекция бойынша маманы.

Бұған дейін карантинде теңіз жағасында қалған Жапонияның круиздік кемесінде төрт қазақстандық бар екендігі хабарланған болатын.

Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, зертханалық зерттеулердің нәтижелері үнемі алынып, тексерілуде, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Туристік лайнерде барлығы 50 елден 3000-ға жуық жолаушы бар. Жапон билігінің мәліметінше, 17 ақпанда мұнда коронавирус жұқтырғандар саны 454 адамға дейін өсті. Бұл Қытайдан тыс жерде тіркелген індетті жұқтырудың ірі фактісі.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз