Diamond Princess круиздік кемесінде Қырғыз елінің азаматы коронавирус жұқтырды

18 Ақпан 2020, 11:09
Сурет: fakty.ua

Жапонияда Diamond Princess круиздік кемесінде коронавирус жұқтырғандардың арасында Қырғыз Республикасының азаматы да бар болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Әзірге, дәрігерлер кеме бортында COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 67 жаңа жағдайын анықтады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кемеде індет жұқтырғандар қатарына тағы мына елдің азаматтары келіп қосылды: Австралия (5), Канада (3), Қытай (3), Германия (2), Гонконг (1), Қырғыз Республикасы (1), Үндістан (2), Жапония (27), Филиппины (17), Тайвань (1), АҚШ (5).

"Біз Жапония Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтарға медициналық көмек көрсетуге арналған хаттамаларға қатысты нұсқауларын орындап жатырмыз", - деді Princess Cruises круиздік кемесінің өкілдігі World of Cruising.

Кеме 5 ақпаннан бастап Йокогама портында екі апта бойы карантинде болды. Соңғы мәліметтер бойынша, COVID-2019 індетін жұқтырған жолаушылардың жалпы саны 450 адамнан асты. Бортта барлығы 3 400 адам бар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?