Жаңалықтар тізбегі
0

Қыздар университеті Абайға арналған әдеби байқау өткізгенін хабарлады

Қыздар университеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2020 15:43 Қыздар университеті
21 ақпан күні Қыздар университетінде әдеби байқау өтіп, Абайдың асыл мұралары кеңінен насихатталды.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде "Жүрегімнің түбіне терең бойла..." атты әдеби байқау мәреге жетті. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлайды.

Университеттің Ғылыми кітапханасында өткен тағылымды шараның маңызы неде? Оның өскелең ұрпақ үшін беретін қандай тәрбиелік мәні бар? Байқау ұлтымыздың ұлы ақынының ұлағатын ұлықтауға қаншалықты ұйытқы болды?

Бұл сауалдарға жауапты кеш барысында ұйымдастырылған сайыс пен абайтанушы ғалымдардың әсерлі әңгімелері және жастар қойған танымдық концерт нақты жауап берді.

Атап айтқанда, шара аясында Қыздар университеті мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері адамзаттың ақылманына айналған кемеңгердің өміршең өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқудан өзара үздікті анықтап, әсерлі әндерін нақышына келтіре орындады.

Әдебиет сүйер жастардың өнерін белгілі абайтанушы ғалымдар мен әдебиет саласының майталмандарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Олардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Хәкім Абай" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет, Ғылыми кітапхана директоры Бақытжамал Бағашарова және өзге де азаматтар бар.

– Абай – қоғамға шамшырақ. Дала данышпанының шығармалары осыдан ғасыр бұрын жазылса да оның мәні мен маңызы, тағылымы мен тәлімі әлі күнге дейін өте өзекті. Міне, сонысымен де ол құнды, баға жетпес қазына. 21 ақпан күні Қыздар университетінде өткен әдеби байқауда Құнанбайұлының асыл мұралары кеңінен насихатталып, жас ақындар арасында жыр сайысы да ұйымдастырылды. Сонымен қатар шара барысында ұлттық ойынымыздың бірі – тоғызқұмалақтан та жарыс өтті, – дейді ұйымдастырушылар.

Дала данышпанының мерейтойына орай ұйымдастырылған сайыста "жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар" шыққандар "Алғыс хатпен" марапатталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: