Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қаржы пирамидаларының құрбандарына ақша қашан қайтарылатыны айтылды

22 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Сурет : 24tv.ua25 Ақпан 2020, 15:24

Үкімет дәлізінде ҚР Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаржы пирамидасынан зардап шеккендердің шығын қайтару үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, 22 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бәрі "Ломбард 24", "Эстейт Ломбард" және "Выгодный займ" үш қаржы пирамидасы бойынша қозғалған. Олардың барлығынан 5 миллиардтан астам теңгенің материалдық шығыны келтірілген. Соңғы жылдары пирамидаларды құрудың 30-дан астам фактісі ашылып, кінәлілер жауапқа тартылған, - деді ол.

Сондай-ақ Әділов ақшаны қайтару мүмкіндігі жайлы да сөз қозғады.

Қазір кінәлілердің басында бар мүлкі, сондай-ақ ұрланған ақшаны қайда жібергендерін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Осы басты үш ЖШС-нің құрылтайшысына іздеу жарияланды. Барлығы 9 адамға іздеу жарияланды, 13 адам қамауға алынды. Бұл істердегі негізгі міндеттердің бірі - бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, ақшаны өз иесіне қайтару, қазір біз осы бағытта қаржылық мониторинг комитетімен, прокуратура органдарымен жабыла жұмыс істеп жатырмыз, банктік шоттарды, олардың басындағы барлық мүлікті тексереміз, сонымен қатар біз анықтаған қосымша мүліктердің жайын сот қарап, оны қайтару (салымшыларға ақшаны қайтару)мәселесін шешеді, - деді ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер