Автокөлікпен бензин экспорттауға салынған тыйым мерзімі тағы ұзартылды

Баспасөз қызметі Баспасөз қызметі
Жылдың аяғында нарықты бензинмен, дизель отынымен және ұшаққа арналған отынмен қамтамасыз ету 100% жетті.

Қазақстан бензинді автокөлікпен республикадан тысқары жерлерге тасымалдауға салынған тыйымды ұзартты, деп мәлімдеді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев осы ведомстваның кеңейтілген алқалы отырысында, деп хабарлайды zakon.kz.

Ноғаевтың айтуынша, 2019 жылы мұнай өңдеу көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға артып, 17,2 миллион тоннаны құрады. Сонымен бірге, 2019 жылы мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін (ұшаққа арналған отын, дизель отыны, бензин, мазут) өндіру көлемі 2018 жылға қарай 9,5% -ға өсті.

Биылғы жоспар 12,5 миллион тоннаны құрайды. Айта кету керек, бұл жоспар мұнай өнімдерін ішкі тұтынысын есепке ала отырып, жасалған.

Сонымен бірге, қажет болған жағдайда жыл бойына өңдеу көлемін ұлғайту үшін резервіміз де бар, - деп атап өтті Энергетика министрі.

Қазақстандық МӨЗ-ді толықтай жаңғырту жұмыстарының аяқталуының арқасында ішкі нарықтың қажеттілігі өз өндіріс есебімізден толығымен жабылатын болды.

Жылдың аяғында нарықты бензинмен, дизель отынымен және ұшаққа арналған отынмен қамтамасыз ету 100% жетті. 2019 жылдың шілде айында енгізілген тыйым алынып тасталып, Еуропа мен Орталық Азияға бензин экспорты басталды. Бензиннің экспорты 180,7 мың тоннаны құрады.

Сондай-ақ, жанар-жағармай тапшылығының пайда болуын болдырмау мақсатында министрлік мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағынан автомобиль арқылы тасымалдап, сыртқа әкетуге тыйым салды, ол әр 6 ай сайын ұзартылып отырады.

Осыған байланысты уәкілетті адамдарға тапсырыстың мерзімін ұзарту үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын, - деді Нұрлан Ноғаев.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз