Алматыда үйге ұрлыққа түскен ұрыны видеоға түсірген көршілері танып қойды

видеодан алынды видеодан алынды
Терезенің торын сындырғанмен, бірақ олар ішке кіре алмапты.

Алматыда жекеменшік үйге кірмек болған ұрылардың әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеоны түсіргендер оны біздің редакцияға жолдаған. Бұл оқиға бүгін, 25 ақпанда Таулы қырат (Горный гигант) ықшам ауданында Иванилова көшесінде болған делінеді.

Үй иесі түсіндіргендей, олар күйеуі екеуі күндіз сағат 10.00-де шығып кеткен. Ал тура жарты сағаттан соң, яғни 10.30-да көршісі қоңырау шалып, екі белгісіз адамның аулада жүргенін, ішке кіруге тырысып жатқандарын айтқан. Есік алдында шығып, олардың не істеп жатқандарын сұраған көршісі ұрыларды үркітіп жіберсе керек. Олар оқиға орнынан ізін суытқан. Терезенің торын сындырғанмен, бірақ олар ішке кіре алмапты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз