Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар жоқ, бірақ қауіп бар - Елжан Біртанов

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі олардың қолына "сау" деген анықтама берген, еркін қатынауға ешқандай кедергі жоқ болатын, сондықтан Қазақстанға жоспарлы рейспен оралуларына қатысты ешқандай проблема болмаған. Бірақ...

Сурет : видеодан алынды26 Ақпан 2020, 10:27

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Хабар 24" телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

- Рас, нақты қауіп бар. Қазіргі уақытта республикамызда 160 адам карантиндік аймақтарға оқшауланған. Олардың арасында Ұлыбритания, Қытай, Оңтүстік Корея және Ливия азаматтары да бар. Қазір отандық денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапонияны І-санаттағы елдер қатарына қосылуын қарастыруда. Демек, бұл елдерден келген адамдар 14 күн карантинге жіберіледі, ал босатылғаннан кейін олар тағы 10 күн дәрігердің қарауына болады.

Елжан Біртанов Токио-Нұр-Сұлтан рейсі жолаушыларын карантинге жабу туралы шешімнің неге қабылданғанын түсіндірді.

Елжан Біртанов, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі:

- Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі олардың қолына "сау" деген анықтама берген, еркін қатынауға ешқандай кедергі жоқ болатын, сондықтан Қазақстанға жоспарлы рейспен оралуларына қатысты ешқандай проблема болмаған. Бірақ ол адамдар әуежайға келіп, ұшаққа отырғанда ғана біз күмәнді ақпарат алдық. Бізде оларға бұл ақпаратты жеткізудің ешқандай мүмкіндігі болмады. Өкінішке орай, әлгі қолдағы анықтама сенімсіз болып шығуы мүмкін екендігі туралы алғашқы ақпарат келіп жетті бізге. Өз азаматтарын қабылдаған бірқатар елдер, соның ішінде Жапония да, карантиннен босатылғандардың арасынан науқас адамдар анықталғанын айтты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер