Жаңалықтар тізбегі
0

Сауд Арабиясы коронавирусқа байланысты қажылықты тоқтатты

ria.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2020 18:39 ria.ru
Сауд Арабиясы қажылыққа келгендерді кіргізуге уақытша шектеу қойды.

Қажылық масқатында Сауд Арабиясына баруға және әл-Масжид ән-Набауиге (Пайғамбар мешіті) кіруге уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Твиттерде осы елдің СІМ хабар таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, "қауіпті болып табылатын жаңа коронавирус" етек алған елдердің азаматтары үшін туристік визалармен кіру уақытша тоқтатылуда.

2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі ДДСҰ-ға елдің орталық бөлігіндегі Ухан қаласында (Хубэй провинциясы) белгісіз індеттің бұрқ ете түскенін хабарлады. Сарапшылар аурудың қоздырғышын анықтады - бұл жаңа коронавирус. ДДҰ індетті халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды және ауруды ресми атауы белгінеді: COVID-19. Қытайда бұл індетті жұқтырғандардың саны қазірдің өзінде 78 мыңнан асты, 2715 адам қайтыс болды, 29 мыңнан астамы емделіп шықты.

Қажылық - Ислам талап ететін бес парыздың бірі. Меккедегі қасиетті орындарға әрбір мұсылман өмірінде кемінде бір рет қажылық жасауы керек. Қажылық үлкен және кіші болып бөлінеді. Үлкен қажылық "зул-хижжа" (қажылық айы) осы айда өтеді. Мұсылман күнтізбесі бойынша қажылық уақыты жыл сайын өзгеріп отырады. Мұсылман қажылығы (умра) жылдың кез келген уақытында жасалуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: