Меккеге сапарлаған ондаған тәжік Дубайда тұрып қалды

Ашық дерекөздерден алынды Ашық дерекөздерден алынды
Сауд Арабиясының билігі коронавирусқа қарсы шара қолданып, 26 ақпаннан бастап Мекке және Медина қалаларына қажылыққа шыққандарды елге кіргізуге тыйым салды.

Тәжікстанның кіші қажылыққа шыққан 48 азаматы Дубайда тұрып қалды. Сауд Арабиясының билігі 26 ақпанда Мекке және Медина қалаларына қажылыққа барғандарды елге уақытша кіргізуге тыйым салды, деп хабарлайды centralasian.org.

Умраға сапарға шыққандардың туыстары алаңдап отыр. Кіші қажылықты ұйымдастырған компания әзірге пікір білдіруден бас тартты.

Тәжікстан үкіметі жанындағы Дін комитетінің баспасөз хатшысы Афшин Муким тәжік азаматтары қазір Дубай қаласында екенін, олар Сауд Арабиясы билігінің рұқсатын күтіп жатқанын растады.

"Сауд Арабиясының билігі оларға кіші қажылық жасауға рұқсат берсе, онда сапарын жалғастырады. Болмаса, жауапты компаниялар оларды елге қайтарады", - деді ол.

Сауд Арабиясының билігі коронавирусқа қарсы шара қолданып, 26 ақпаннан бастап Мекке және Медина қалаларына қажылыққа шыққандарды елге кіргізуге тыйым салды.

Еске салайық, 2019 жылы 5 мыңға жуық тәжікстандық қажылыққа барып қайтты. Қажылық сапарының құны 35 мың 128 сомони ($3,5 мың) болды. Кіші қажылыққа барған азаматтар саны белгісіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз