1 наурызда митинг өтіп, полиция тағы да халықты сүйреді

Nurtay Lakhanuly (RFE/RL) Nurtay Lakhanuly (RFE/RL)
Ескерту жасалғаннан кейін бәрі босатылды, бірақ төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 1 наурыз күні Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында өткен рұқсат етілмеген митингтерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

– Бас прокуратураның бірнеше рет ескертуіне қарамастан, кейбір азаматтар Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйым жариялаған жерлерде рұқсат етілмеген митингтер ұйымдастыруға тырысты, - деді Тұрғымбаев үкіметте.

Оның сөзіне қарағанда, қоғамдық тәртіпті бұзуды болдырмауға бағытталған шаралар қабылданған.

– 80-ге жуық азамат ішкі істер органдары, полиция органдарына жеткізілді. Профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін барлығы дерлік босатылды. Төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның біреуіне айыппұл салынды, үшеуі әкімшілік қамауға алынды. Олардың екеуі – полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткені үшін, бірі – рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін, - деп түсіндірді ҚР ІІМ басшысы.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-03/thumbs/1583122336_66e4dac2-b947-4544-bf5f.jpg

Фото: Orken Zhoyamergen (RFE/RL)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз