Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматы іргесіндегі Көкөзек су қоймасында балық қырылып жатыр

Шағын көл былтыр "Алтынкөл демалыс аймағы" деген серіктестікке сенімгерлік басқаруға берілген екен.

Сурет : Хабар 244 Наурыз 2020, 09:30

Шағын көлшіктің жағалауы кешелі бері өлі балыққа толып кеткен. Алайда су жәндіктерінің неден қырылғанын әзірге ешкім айта алмай отыр. Су тартылып, тізеден әзер асатын тоғанда балықтарға "ауа жетіспей қалды" деген болжам бар, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алматы маңындағы Көкөзек су қоймасы кешелі бері өлексе сасып кетті. Өйткені шағын көлшіктегі балық белгісіз себептен қырылып, жағалауға жиналып қалған. Алғашында әр жерден бір табылған өлекселерді тұрғындар байқапты. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген олар көлшіктегі су деңгейінің күрт түсіп кеткенін айтады. Өйткені оған құятын Қарғалы өзенінің арнасы бітеліп қалған. Сондықтан саяз суда еркін жүзе алмаған балықтар тұншығып өлді деген болжам айтуда.

Сергей Алексеев:

- Бұл көл бұрын мемлекет қарауында болды. Қазір жеке кәсіпкерлерге жалға берілген. Олар бітелген құбырды тазалауға ақша жұмсағысы келмейді. Өткенде сел жүріп, су арнасы жабылып қалды. Содан бері бұл көлге ешқандай ағын су келіп жатқан жоқ. Деңгейі түсіп кетті.

Шағын көл былтыр "Алтынкөл демалыс аймағы" деген серіктестікке сенімгерлік басқаруға берілген екен. Алайда бұл компанияның басшылары төбе көрсетпеді. Есесіне, таң атқалы балық қырылған аумақта төтенше жағдай мен әкімдік қызметкерлері жүр. Олар су бетінде самсап жатқан балықтарды жағалауға шығарып, санитарлық тазалық жүргіземіз дейді.

Қанат Айманов, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары:

- Кешке дейін балықтар шығарылады. Тиісті жерге алып кетеді. Экологияға ешқандай қауіп төнбейді. Балықтың өлу себептері анықталуда. Оны тиісті құзіретті органдар анықтайды.

Қазір көлдегі су деңгейі бір метрге де жетпейді. Сондықтан бұл көлшікте мүлде балық қалмады деуге әбден негіз бар. Ал өлген балықтардың біразы су түбіне шөгіп қалған. Жағалауға жиналып қалған өлі балықтарды қолмен тазалап жатыр. Алайда шағын су қоймасында қанша балық қырылғаны әзірге белгісіз. Оны алдағы уақытта балық шаруашылығы қызметкерлері есептейді. Ал экологияға жауапты мамандар судың сынамасын зертханаға жіберген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер