Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ

zakon.kz - Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2020 18:03 zakon.kz - Золотухин
Медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал-жабдықтармен, бактерияға қарсы және вирусқа қарсы препараттармен және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілді, барлық медициналық ұйымдарда санитарлық зарарсыздандырғыш, антисептиктер орнатылды.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматыда коронавирус тіркелмегені айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев жаһандық эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына, көрші елдерде инфекцияның өршуіне байланысты оның тарау қаупінің алдын алу үшін қалада күшейтілген шаралар жүргізіліп жатқанын айтты.

Бүгінгі таңда коронавирустың таралу жағдайлары әлемнің 64 елінде тіркелді.

Алматыдағы медициналық ұйымдар коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмауға арналған эпидемияға қарсы және профилактикалық шараларды жүзеге асыруға толықтай дайын, - деді Әбілдаев.

Сырттан келушілердің тізімі мониторинг орталығына түсіп, ақпараттар өңделіп, аты-жөндері бойынша медициналық мекемелерге орналастырылады. Инфекция көп тараған елдерден келген азаматтар 14 күн бойы көп салалы медициналық орталықта оқшаулауланып, карантинде жатады.

3 наурыздағы дерекке сүйенсек, 131 азамат ауруханаға 1А санаты бойынша жатқызылды, 1Б санаты бойынша 119 азамат, ІІ-санат бойынша - 955, ІІІ-санат бойынша 1632 азамат бақылауға алынды.

Науқастан дерт жұқтыру ықтимал жағдайы анықталған кезде, бекітілген схема бойынша шұғыл хабарлама жіберу арқылы мамандандырылған ауруханаға жеткізуге дайындап, ол толығымен оқшауланады.

Медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал-жабдықтармен, бактерияға қарсы және вирусқа қарсы препараттармен және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілді, барлық медициналық ұйымдарда санитарлық зарарсыздандырғыш, антисептиктер орнатылды, - деді Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемелерге, көп салалы ауруханаларға және жедел жәрдемге арналған арнайы оқу-жаттығулары өткізілді.

Егер эпидемиологиялық жағдай нашарласа, Алматы қаласы ауруханаға жатқызуға және карантинге арналған төсек орындарын қосымша орналастыруға дайын.

Бүгінгі таңда мультидисциплинарлық медициналық "уақытша" ауруханада карантинге жіберу үшін әртүрлі елдерден келген 131 азамат бар. Олардың ішінде Қазақстан, Иран, Монғолия және Қытай азаматтары бар, - деді ол.

Олар 1А санатына жататын, бас санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес сырттан келген бетте медициналық персоналдың бақылауымен 14 күндік карантинге орналастырылған азаматтар.

Барлық азаматтар дәрігерлердің бақылауында және аурудың клиникалық белгілері жоқ дені сау адамдар. Оларды карантин кезінде жұқпалы ауру бойынша дәрігерлер, эпидемиологтар қарап, арнайы белгілері бойынша респираторлық инфекцияларға тестілеуден өткізеді, деп түсіндірді басқарма басшысы.

14 күн өткеннен кейін тағы сынама алынып, ол теріс нәтиже көрсеткенде бұл азаматтар карантиннен шығарылады.

3 наурыздағы жағдай бойынша 12 адам карантиннен босап шықты, бүгін тағы 12 азамат шығарылуы керек.

Жалпы, Алматыда азаматтардан Covid-2019 вирусын жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: