Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мамин бір топ сенатордың Үкіметке жолдаған сауалына жауап берді

Депутаттық сауал Қызылорда облысында электр желілерін салуға кететін шығыстарды қаржыландыруда нысаналы даму трансферттерін іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесіне қатысты.

Сурет : Хабар 244 Наурыз 2020, 14:51

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Б. Еламанов, М. Бақтиярұлы және Д. Нұржігітованың Қызылорда облысында электр желілерін салуға кететін шығыстарды қаржыландыруда нысаналы даму трансферттерін іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруға қатысты 2020 жылғы 6 ақпанда жолдаған депутаттық сауалға Үкімет басшысы Асқар Мамин жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Маминнің сенаторлар қойған сауалына берген жауабының мәтіні Үкіметтің ресми сайтында жарияланды.

Құрметті депутаттар!

Қызылорда облысында кернеуі 35 кВ (қоса алғанда) электр желілерін салуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңартуға кететін шығыстарды қаржыландыру бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №126 бұйрығымен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруға қатысты депутаттық сауалды қарастырып, мынаны хабарлаймыз.

Қағидалардың 5-1-тармағына сәйкес кернеуі 35 кВ жоғары кіші станциялар мен электртаратушы желілерін салуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңартуға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Қызылорда облысының және Парламент депутаттарының ұсыныстарын ескере отырып, республикамыздың тұтынушыларын электр энергиясымен тұрақты және үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) көтеріліп отырған ұсынысты қолдайтынын хабарлайды.

Осы ұсынысты жүзеге асырған жағдайда, уәкілетті органның ақпараты бойынша республикалық бюджет есебінен 2020-2023 жылдарға қажет қаражат көлемі 13,2 млрд теңгені құрайтыны анықталып, оның ішінде Қызылорда облысына қажетті бюджеттік қаражат 7,6 млрд теңгені, ал 2020 жылға – 1 млрд теңгені құрайды.

Аталған мәселе республикалық бюджеттің шығыстарын ұлғайтуды көздейтіндіктен, бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес оны Республикалық бюджет комиссиясының отырысында қарастыру талап етіледі. Комиссия мүшелері қолдау көрсеткен жағдайда, жоғарыда көрсетілген қағидаларға тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша уәкілетті орган Сіздерге қосымша ақпарат ұсынатын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер