Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин: Кодекстің әрбір нормасы талқыланып, көптеген сұрақтар шешімін тапты

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2020 23:06 Ж.Құспанов
16 жасқа толған кәмелетке толмағандарға ата-анасының келісімінсіз медициналық және хирургиялық араласуды жүргізуге тыйым салатын түзету қолдау тапты.

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында халық денсаулығына қатысты кодекс жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрлан Нығматулин "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс жобасы мен оған ілеспе заң жобасының барша қазақстандықтарға қажетті де маңызды екенін, осы Кодекс жобасы халық арасында көп талқыланғанын атап өтті.

- Депутаттарымыз аймақтарға сапары кезінде де осы мәселе басты назарда болды. Арнайы жұмыс топтары, кеңейтілген отырыстар ұйымдастырылды.Осы Кодекс бойынша денсаулық сақтау саласы мамандарының қатысуымен Мәжілісте "Нұр Отан" партиясының фракция отырысы да өтті. Осы шараларда айтылған барлық ұсыныстар, пікірлер заң жобасын қабылдау кезінде ескерілді. Соның нәтижесінде Кодекстің әрбір нормасы жан-жақты талқыланып, көптеген сұрақтар өз шешімін тапты. Әсіресе, цифрлық технологияны енгізе отырып, медициналық қызметтің сапасын күшейту, донорлық мәселесі ана және бала денсаулығын сақтау, бойынша өзгерістер енгізілді. Соның арқасында денсаулық саласында бұрынғыдан бөлек заман талабына сай жаңа Заң мақұлданды деуге болады, - деді Мәжіліс Төрағасы.

Бірінші оқылымда мақұлданған "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс жобасы жұмыс берушілер мен жұмыскердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі мен қоғамдық денсаулықты сақтауды күшейтуге, медициналық технологияларды дамытуға, медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында бақылауды жетілдіруге, медицина қызметкерінің мәртебесін арттыруға бағытталған.

Кодекстің жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар жұмыс берушінің денсаулық сақтау органдарына азаматтарды қан, ағзалар және тіндер донорларының қатарына тарту бойынша жәрдемдесу міндетін, скринингтік медициналық зерттеулерден өтпегені үшін еңбек ету құқығын шектейтін, сонымен қатар шетел азаматтарының мұқтаждары үшін Қазақстаннан ағзалар мен тіндерді шығару мүмкіндігін белгілейтін нормаларды алып тастады.

Бұдан басқа, 16 жасқа толған кәмелетке толмағандарға ата-анасының келісімінсіз медициналық және хирургиялық араласуды жүргізуге тыйым салатын түзету қолдау тапты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: