Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ақмола облысы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды

Бұл лауазымды қызметке бұрын Целиноград ауданының әкімі болған Малғаждар Таткеев келді.

Сурет : Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі5 Наурыз 2020, 11:43

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев 4 наурызда өткен жиында ҚР Президенті әкімшілігі келісіміне сәйкес, Малғаждар Таткеевті облыс басшысының орынбасары етіп тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Осы жылдың 2 наурызындағы менің бұйрығым бойынша, ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Таткеев Малғаждар Саттарұлы Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - деді Ермек Маржықпаев.

Малғаждар Саттарұлы 1960 жылы туған, Көкшетау облысының тумасы, білімі жоғары, КСРО ІІМ Қарағанды ​​жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. 1983 жылдан бастап ішкі істер органдарында, салық органдарында және қаржы полициясында жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары - Зеренді ауданының әкімі.

2014 жылдың қыркүйегінен бастап Целиноград ауданының әкімі болды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер