Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде мерт болған 11-ші адамның аты-жөні белгілі болды

ҚР ІІМ баспасөз қызметі ҚР ІІМ баспасөз қызметі
11 ақпанда Масанчи ауылында қираған сауда орталығының ғимаратын тазарту кезінде үйінді астынан бір адамның мәйіті табылған болатын.

Қордайдағы қақтығыстан кейін Масанчи ауылында үйінді астынан табылған - күйіп кеткен дене 20 жастағы Мұрат Масановқа тиесілі болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

11 ақпанда Масанчи ауылында қираған сауда орталығының ғимаратын тазарту кезінде үйінді астынан бір адамның мәйіті табылған болатын. Генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша оның кім екені анықталды.

"Ол 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты, ол із-түссіз жоғалып кеткендердің қатарында болған. Әкесі ұлының жоғалып кеткені туралы полицияға 9 ақпанда хабарлады", - деп мәлімдеді департаменттен.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жас жігіттің қалай көз жұмғаны анықталуда.

Айта кетсек, 7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. Салдарынан 10 адам көз жұмған, кейін тағы бір адамның денесі өртенген ғимарт үйіндісінің астынан табылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз