Құндызды ауылында 3 жасар бала өз әпкесін өртеп алды

5 Наурыз 2020, 12:06
Сурет: pressa.tv

ШҚО-да бүлдіршін бала өз әпкесін өртеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Үйде үлкендердің қарауынсыз қалған балалар сіріңкемен ойнаған, деп жазады YK-news.kz.

Оқиға 4 наурызда ШҚО-дағы Құндызды ауылында болды. Арқасын күйік шалған қыздың өзі Абай аудандық өрт сөндіру қызметіне хабар берген.

"Ең жақын деген өрт сөндіру бөлімшесі ауылдан 70 шақырым жерде. Өрт сөндірушілер бірден ауыл әкімдігіне қоңырау шалып, аталған мекенжайға баруды сұраған", — деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Полицейлермен бірге үйге келген әкімдік қызметкерлері шынымен де қыздың арқасы күйіп қалғанын көрді. Ол Семейдегі ауруханаға жеткізілді.

2011 және 2017 жылғы балалар үйде жалғаз қалған екен. Сіріңке тауып алған 3 жастағы ұл абайсызда өзінің әпкесі Тоғжанның үстіндегі киімді өртеп алған. Абырой болғанда, қыз ожаумен су құйып, өртті сөндірді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?