Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстанға қауіпті елдерден шетелдіктер келсе, бірден депортацияланады

Аурудың өршіп келе жатқандығына байланысты салалық мемлекеттік органдар біртіндеп шектеу шараларын енгізуге мәжбүр.

Сурет : poland2day5 Наурыз 2020, 17:09

Санитарлық дәрігерлер Қазақстанға індет ошағына айналған қауіпті елдерден келген азаматтарды депортациялай алады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКК-да өткен брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

"Шектеулер қажет. Көптеген елдер ондай қадамға барып жатыр. 4 наурыздан бастап І-санаттағы елдерге жататын шетелдік азаматтар үшін шектеулер енгізілді. Жолаушылар ағынын шектеу үшін біз осындай нормаларды енгіздік. Өкінішке орай, біздің ұдайы ескертулерімізге қарамастан біздің азаматтар басқа елдерге, әсіресе І-санаттағы мемлекеттерге сапарлап барып жатыр. Әсіресе біздің азаматтарымыз көп жүрген Оңтүстік Кореяны ерекше атап өткім келеді", - деді Біртанов.

Оның айтуынша, аурудың өршіп келе жатқандығына байланысты салалық мемлекеттік органдар біртіндеп шектеу шараларын енгізуге мәжбүр.

Бізді бұл үшін қатты сөкті, өйткені бизнеске кедергі келтіреді екенбіз, бірақ бұл ұсыныстар өз азаматтарымызды қорғауға бағытталғанын баса айта кетейін. Егер бұл азаматтар елге оралса, онда оларға шектеу шаралары қолданылуы керек. Бұл - денсаулық сақтау кодексіне сәйкес заңды талап. Осы стандарттарды бұзғаны үшін жауапкершілік бар. Шектеулер енгізілген, бірақ біз басқа елдердің әуекомпанияларына билігімізді жүргізе алмаймыз. Сондықтан, қорғану мақсатында біз елге келген шетел азаматтарын депортациялауға дейін қатаң шара қолдануға құқымыз бар. Мысалы, 4 наурызда БАӘ-ден ұшақ келді, онда ҚХР-дың екі азаматы болған. Біз оларды бірден оқшаулап, тексерген соң Қытайға жөнелттік. Басқа елдер де осындай шараларды қабылдауда. Бұл сараланған саясат, - деп түсіндірді министр.

Ал егер қауіпті елдерден қазақстандықтар ұшып келсе, санитарлық дәрігерлер оларды бірден карантинге қабылдап алады.

Жапониядан келген жолаушылардың жағдайын білесіздер. Олардың жағдайы тұрақты, олар жақын арада шығарылады. Сонымен қатар бүгін Оңтүстік Кореядан ұшақ келеді. Біз қазір оларды карантинге алуға дайындалып жатырмыз. Біздің клиникалардың дайын, соған орналастырамыз, тексереміз, қараймыз. Егер адамнан қандай да бір ауру белгілері табылса, онда біз оларды мамандандырылған ауруханаларға ары қарай орналастырамыз. Мұндай азаматтардың саны күннен күнге көбейе беретінін дұрыс түсіну керек. Олар әскери базаларда және басқа жерлерде де орналастырылатын болады. Біз алдын-ала дайындалдық, бізде тамақпен қамтамасыз етілген, санитарлық нормаларға сәйкес келетін орындар жеткілікті. Бірақ бұл ауру адамдар емес. Бұл дені сау адамдар, - деді Елжан Біртанов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер