Ол ұры еді. Эквадорда экс-президентті 7 жылға соттауды сұрады

6 Наурыз 2020, 09:31
Сурет: expert.ru

Эквадордың бас прокуроры Диана Салазар соттан экс-президент Рафаэль Корреаны сыбайлас жемқорлық айыбы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Прокуратура Корреаны мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жасалған қылмыстық схеманың авторы және пайда көрушісі деп санайды. Оған мемлекеттік келісімшарттарға айырбас ретінде сайлау науқанын қаржыландыруға 7,5 миллион доллардан астам қаражат түскен.

Прокуратура соттан түрме мерзімін берумен қатар, экс-президенттен 23 миллион доллар (алғанынан үш есе) және тағы 1,1 миллион доллар көлемінде айыппұл өндіріп алуды сұрайды.

Корреадан басқа бұл іс бойынша 20 айыпталушы бар, оның ішінде Эквадордың бұрынғы вице-президенті Хорхе Глас бар.

Қазір Бельгияда тұратын бұрынғы мемлекет басшысы барлық айыптарды теріске шығарып, іске саяси сипат беріп отыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?