Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирус ауада қанша уақыт өз күшін сақтайды

AP Photo / CDC, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2020 23:19 AP Photo / CDC
Ғалымдар науқастың түшкіруі немесе жөтелу кезінде шашыраған тамшылары барып қонған заттағы инфекция бірнеше күн бойында сақталатынын анықтады.

Ғалымдар коронавирустың ауада қанша уақыт тіршілік ететінін анықтады. Вирус ауада кем дегенде 30 минут өмір сүреді және жұқтырған адамнан 4,5 метр қашықтықтағы аралықтағы сау адамға жұға алады, деп хабарлайды zakon.kz.

South China Morning Post басылымының хабарлауынша, Хуан провинциясының ғалымдары автобуста бір жолаушының тағы жеті адамға вирусты жұқтырған оқиғасын егжей-тегжейлі талдады. Бетперде кимеген ер адам өзінен 4,5 метр қашықтықта отырған ерлі-зайыптыларды және бірнеше адамға ауруын жұқтырған. Сонымен қатар, барлық адам түсіп қалғаннан кейін 30 минут өткен соң осы автобусқа келесі рейсте мінген тағы бір жолаушы инфекцияны жұқтырды.

Ғалымдар науқастың түшкіруі немесе жөтелу кезінде шашыраған тамшылары барып қонған затында бірнеше күн бойына сақталатынын анықтады. Осы жағынан алғанда, дәрігерлердің қауіпсіз қашықтық 2 метр деуіне күмән келеді. Осылайша, дәрігерлер қолды жуудың және маска киюдің маңыздылығын тағы да растады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: