Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Беларусьтегі қазақстандық студенттер: Қайтайық десек ақшамыз жоқ

50-ге жуық ата-ана, шетелде оқитын балаларын елге қайтаруға қарсы.

Сурет : иллюстрация үшін алынды11 Наурыз 2020, 09:47

Қазақ агротехникалық университеті Беларусь Республикасындағы студенттерін елге еркінен тыс қайтармақшы. Ал ата-аналар, ол жақта коронавирустың жағдайы тұрақты деп отыр. Тіпті студенттердің де елге қайтуға құлшынысы жоқ. Алайда университет басшылығы- шетелдік білім ошағына жұмсаған қаражатты қайтарып алған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қазір шекара сыртындағы студенттер шарасыз күйде. Себебі кейбірінің жол ақысын төлеуге қалтасы көтермейді. Баласын шетелге жіберіп, шарасыздыққа шалынғандардың бірі Азиза Ысқақова. Ұлы Белорусь еліне академиялық ұтқырлықпен оқуға түсті. Алайда қуанышы ұзаққа созылмапты. Жалғызбасты ана жат жердегі ұлын қалай елге қайтарарын білмей дал. Жолына қаражаты жетпейді дейді.

Азиза ЫСҚАҚОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Балаларымыз ол жақта бір ай ғана болды. Университет тарапы қайтарып жатыр. Бірақ ата-аналар қарсымыз. Себебі ол жақтағы жағдай тұрақты. Балаларымызға да оқу ұнайды. Оқу мерзімі аяқталғанша сол жерде білім алғысы келеді. Енді бізден бір ғана өтініш бар. Оларды оқуын аяқтағанша қалдыру, немесе елге қайтаруға қол ұшын берсе екен.

Түсірілім тобын көре сала, жетіп келген университеттің баспасөз хатшысынан мәселенің мәнін сұрап едік, ол "министрліктің бұйрығын орындадық" деп қысқа қайырды.

Бердібек ХАМАЙ, С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Министрліктің тапсырмасы бойынша, барлық оқу орындар сыртта жүрген студенттерін өздеріне қайтарып алуы керек. Тек оқу қашықтықтан оқыту бағыты бойынша жүргізіледі.

Ал, түсірілімнен бас тартқан академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры ата-аналардың сауалына жарытып жауап бермеді. Тіпті көмек те көрсете алмаймыз деп отыр.

Нұрлан СЕРІКБАЕВ, С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз балалармен де, сол жақтағы университет басшылығымен де сөйлестік. Қазіргі басты мәселе - оларды елге жеткізу. Ол ең алдымен ата-аналар сіздердің құзырларыңызда. Ал оқу қашықтықтан өткізілетін болады.

Базыналы ата-аналардың сауалымен білім министрлігіне жүгіндік, құзырлы ведомство мамандары жауап беруден бас тартты. Студенттер әу-бастағы келісім бойынша, шілдеге дейін оқуы тиіс болған. Беларусьтегі студенттердің елге қалай жетері әзірге белгісіз. Белгілісі наурыздың 12-сіне дейін олар осында оралуы тиіс.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер