Жаңалықтар тізбегі
0

Токио Олимпиадасы екі жылға шегерілуі мүмкін

rbk.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2020 18:58 rbk.ru
Мұндай ірі шараны кейінге қалдыру оңайға соқпайды.

Биыл жазда өтуі тиіс Токио Олимпиадасы 1-2 жылға кейінге шегерілуі мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жапонияның Ұйымдастыру комитеті мүшесі Харуюки Такахашидің айтуынша, сондай шешім қабылданса, "амал нешік" болады.

- Ойындардан мүлдем бас тартылмас, тек өтетін уақыты кейінге шегерілуі мүмкін. Олимпиада өтпей қалса, ХОК-қа қиын болады, - деді ол.

Такахашидің сөзінше, Олимпиаданы кейінге шегерудің өзі де оңай тірлік емес, өйткені ол басқа да маңызды спорттық шаралармен бір уақытқа қатар түсіп қалады.

- Ең дұрысы - Олимпиаданы екі жылға кейінге шегеру, өйткені келесі жылға жоспарланған спорттық шаралар кестесі толығымен келісілген, - деп түйіндеді ол.

Коронавирустың таралуына байланысты бірқатар елдер күшейтілген қауіпсіздік шараларын енгізуде. Атап айтқанда, бірнеше олимпиадалық іріктеу турнирлері кейінге шегерілді. Сонымен қатар, Грекияның Ұлттық Олимпиада комитеті елде дәстүрлі түрде өткізілетін Олимпиада алауын жағу рәсімі биыл көрермендерсіз өтеді деп мәлімдеді.

Бұған дейін ХОК 24 шілде мен 9 тамыз аралығына жоспарланған Токио Олимпиадасын сәтті өткізуді мақсат тұтатынын мәлімдеген болатын.

Ақпан айында Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті жағдайға мониторинг жүргізетін арнайы жұмыс тобының құрылғанын хабарлады.

Жаңа коронавирусты қазірдің өзінде әлем бойынша 100 мыңнан астам адам жұқтырды, олардың көпшілігі сауығып, төрт мыңға жуығы қайтыс болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: