Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Magnum дүкенінің сөрелері неге тып-типыл - компания жауабы

ru.krymr.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2020 22:04 ru.krymr.com
Сауда орны басшылығы дүрбелеңге еш негіз жоқ екенін қадап айтты.

Желіде Алматыдағы орталық дүкендердің бірінде сөрелердің тып-тыйпыл бос қалған суреті мен видеолары тарап жатыр. Осыған қатысты сауда желісінің өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алғаш осыған ұқсас жазбаны Инстаграм желісін қолданушы doctor_kireyev жариялады.

Кешегі сағат 00.05-те (түн ортасында) Магнумға тамақ және бірнеше тұрмыстық заттар алуға барған едім. Мұнда не болып жатыр өзі? Жаңа жыл ма? ІІІ-дүниежүзілік соғыс па? Содан кейін санитарлық бас дәрігердің 11-нен кейін Санта-Клаус сияқты коронавирустың келетінін уәде еткені есіме түсті. Шынымен де тамақ жетпей қалады деп ойлайсыздар ма? - деп сұрайды автор.

Сондай-ақ, Magnum дүкеніндегі бос сөрелердің видеосын facebook-тегі парақшасына алматылық Мадина Ерланқызы орналастырды. Видео астына автор: "Адамдардың есі шығып кеткен, бәрін жанталасып сатып алуда" деп жазды.

Magnum дүкенінің өкілдері бұл жазбаларға қатысты жедел жауап беріп, сөрелердің неге бос қалғанын түсіндірді.

Бонетадан (беті ашық тоңазытқыш) ақау шығып, уақытша осындай қолайсыз жағдай туындағаны рас. Осыған байланысты барлық тауарлар басқа тоңазытқыштарға қойылды. Сервистік компания бәрін тез жөндеді. Қазіргі уақытта барлық тауарлар өз орнына қойылды. Залда барлық сөрелер өнімдермен толтырылғанын атап өткіміз келеді. Өтінемін, босқа дүрлікпеңіздер, - деді сауда желісінің өкілі өз түсініктемесінде.

Сондай-ақ компания тауар тасымалдашылармен арада ұзақ мерзіме белгіленген келісімшарт болғандықтан бағаны өсірмегендерін, тіпті кейде кейбір тауарларды базардағы бағадан да төмен сататындарын айтты.

Сондықтан бір айдың көлемінде біз Магнумдағы көптеген тауардың бағасында өзгеріс болады деп есептемейміз. Болашақта нарықтағы жағдайға сәйкес тауарлардың жекелеген санаттары үшін ғана баға өсуі мүмкін. Үкімет ұзақ уақыттан бері әлеуметтік маңызы бар тамақ пен тауарларға мониторинг жүргізіп келеді. Біз, өз кезегінде, үкіметке және барлық тұтынушыларымызға биыл осы өнімдердің бағасын (картоп, пияз, күріш, қант, қарақұмық және басқалар) ұстап тұруды жалғастыратынымызға кепілдік береміз. Қазір біз оларды іс жүзінде өзіндік құны бойынша, кей кездері теріс бағамен сатамыз, - деді Магнум компаниясы басқармасының төрағасы Азамат Османов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: