Жаңалықтар тізбегі
0

Оған себеп бар: Коронавирус Қазақстанда неге тарай алмады

facebook.com/yertay.nussipzhanov, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2020 22:12 facebook.com/yertay.nussipzhanov
Бізге жылына шамамен 4000 қытайлық тұрақты жұмысқа келеді. Ал Еуропаның басқа қалаларын түгендемегенде, бір ғана Италияның өзіне 265 мың қытайлық түрлі себептермен барады екен.

Коронавирус әлемнің 120-дай елін жайлады. Италия індеттен қайтыс болу көрсеткіші бойынша Қытайдан асып кетті.

Алдыңғыларын айтпағанда, бір тәулікте 4000–ға жуық адам вирус жұқтырған. Оның ішінде, Англияның денсаулық сақтау министрі, Иранның бірінші вице-президенті, “Ювентус” ойыншысы, басқа да спорт шеберлері, сондай-ақ, әйгілі кино жұлдызы Том Хэнкс жұбайымен бірге вирустың тұзағына түсті.

Індет өршігелі бері, әсіресе, Қытай мен оңтүстік Кореяда ірі өндіріс орындары мен шетелдік компаниялар жұмысын тоқтатты. Әлем экономикасы едәуір соққы алды. Медициналық материалдар тапшылығы жағадан алды. Бірқатар болжам бойынша, Қытай экономикасы үстіміздегі жылы кем дегенде 35 пайызға құлдырайды.

- Менің айтпағым, бүкіл әлем әуре-сарсаңға түсіп жатқанда, Орта Азия, оның ішінде Қазақстан әзірге құлан-таза. Көпшілікке күдік тудыратын бір мәселе – Қазақстан Қытаймен іргелес тұрып вирус қалайша бізге жетпеді? Коронавирус жылдың басында Қытайдың Ухань қаласында бұрқ ете қалғанда, осы елдің әсіресе, оңтүстік аймағындағы қалаларда күніне бірнеше әуе рейстері шетелмен қарым-қатынасын бірден тоқтатқан жоқ. Шетелдіктерді айтпағанда, алғашқы аптаның ішінде тек Ухань қаласының өзінен шетелге шамамен 4000 қытайлық шығып үлгерген. Вирус Қытайда дегенімізбен де, Сизаң, Чиңхай сияқты провинцияларында ауру жағдайы мүлдем тіркелген жоқ немесе бір-екі адам ғана күдікке ілінді. Бүгінгі ақпарат бойынша, Қытайдың 5 провинциясы індеттен түбегейлі тазарған. 60 мыңнан аса адам аурудан айыққан. Жалпы алғанда коронавирус “Қытайдан көшіп жатыр”, - деп жазады желіде Ертай Нүсіпжанов.

Сонымен, күдікті сұрақтың себебі мынада деп ойлаймын. Әрі бұл менің коронавирусқа дейінгі ойымның дәлелі болды деп есептеймін.

- Бізге жылына шамамен 4000 қытайлық тұрақты жұмысқа келеді. Ал Еуропаның басқа қалаларын түгендемегенде, бір ғана Италияның өзіне 265 мың қытайлық түрлі себептермен барады екен. Бізге келгендердің 90 пайызы қара жұмыскерлер болса, сол жұмыскерлердің 90 пайызы Уханьнан емес екені сөзсіз. Ал Еуропаға ауқатты бизнес өкілдері, жағдайы жақсы қытайлықтар жиі жұмыс бабымен, саяхаттап барады. Әрі олардың негізгі бөлігі сол індет өршіген оңтүстігінен. Вирус неге іргедегі Қазақстанда жоқ, ал, шалғайдағы елдерде көп екені осы, - дейді пост авторы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: