Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

ДСҰ-ның Нұр-Сұлтанда жоспарланған конференциясы өтпейді

Нұр-Сұлтан қаласында 8-11 маусым аралығында ДСҰ-ның 12-Министрлік конференциясын өткізу туралы шешім қайта қарастырылады.

Сурет : s.rfi.fr13 Наурыз 2020, 12:17

Дүниежүзілік сауда ұйымы ДСҰ Женевадағы Бас директоры Роберто Азеведо, ДСҰ Бас кеңесінің төрағасы Жаңа Зеландия Елшісі Дэвид Уокер Қазақстан Республикасының Женевадағы тұрақты өкілдігімен кеңескеннен кейін мүшелер арасында "бұрын келісілген МК12-нің 8-11 маусым аралығында өткізілуін орынсыз деп санаймыз" - делінген жазбахатты таратқан, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Сауда және Интеграция министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдында Қазақстан Республикасының Үкіметі COVID-19 коронавирусының жаһандық таралуы аясында жағдайдың ағымдағы дамуына және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бұл вирусты індет деп жариялауына байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелеріне ДСҰ-ның 12-Министрлік конференциясын Нұр-Сұлтан қаласында 8-11 маусым аралығында өткізу туралы шешімді қайта қарастыру жөнінде өтініш білдіргенін еске саламыз.

Қазақстан Республикасы өзінің өтінішінде ағымдағы жағдай Министрлік конференцияға тиісті деңгейде дайындалуға мүмкіндік бермейтін, ал індет тәртібін сақтау еліміздің халқының және іс-шараға қатысушылардың денсаулығына қауіп төндіретінін атап өткен.

ДСҰ Бас директоры Роберто Азеведо хабарлағандай, өзі және ДСҰ Бас кеңесінің төрағасы Жаңа Зеландия Елшісі Дэвид Уокер жақын арада Ұйымның мүше мемлекеттерімен, соның ішінде 12-Министрлік конференциясын өткізу күні мен орны туралы мәселелерді талқылау мақсатында Бас кеңестің арнайы сессиясы шеңберінде кеңес өткізуді жоспарлайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер