Жаңалықтар тізбегі
0

Әлемдік биржалардың құлдырауы Қазақстанға қалай әсер етеді - брокер жауабы

idelreal.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2020 18:50 idelreal.org
Сарапшы қор биржасындағы индекстер құлауын жалғастырса, онда мұнай бағасы қатты құнсыздануы мүмкін.

12 наурызда сауда-саттық барысында АҚШ-тың негізгі индекстері шамамен 10 пайызға құлады. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 02:00-дегі жағдайға сәйкес, S&P 500-де – минус 9,51 пайыз, NASDAQ-та – минус 9,43 пайыз, ал Dow Jones-те – минус 9,99 пайыз. Бұл 1987 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш болып отыр. 1987-ші жылы әйгілі "қара дүйсенбіде" Dow Jones индексі 22,61 пайызға төмендеп, өз тарихындағы ең төменгі межеге жеткен.

Бұған дейін Қытайдың "Шанхай композит" қор биржасындағы индекстер 1,09% төмендеп, 2936,02 тармақты құраған, ал Шэньчжэн биржасында индекс 1,59% -ға, яғни 11022,40 пунктке дейін төмендеді. Гонконг қор биржасында Hang Seng индексі 2,27% төмендеп, 24 657 тармаққа жетті. Бұл - соңғы үш жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Жапонияда Токио қор биржасының негізгі көрсеткіштері шамамен 5% құлдырады. Tickmill халықаралық брокерлік тобының талдаушысы, экономист Арман Бейсембаев әлемдік биржаларда не болып жатқандығы және бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін екендігі туралы пікірімен zakon.kz тілшісіне бөлісті.

Сарапшының пікірінше, әлемдік биржалардың құлдырауының басты себебі - коронавирустың бүкіл әлемге таралуы, дәлірек айтсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) кешегі коронавирустың індетін ресми түрде пандемия деп жариялауында.

Жалпы, осыдан кейін дүрбелең басталды, өйткені аурудың өршуі барлық елдердің экономикасын толығымен шарпиды. Яғни, жаһандық экономикада үлкен проблемалар басталғаны белгілі болды, нәтижесінде біз әлемдік биржалардың құлдырауының куәсі болдық, - дейді сарапшы.

Егер мұның Қазақстанға қалай әсер етуі туралы айтатын болсақ, онда спикердің пікірінше, әлемдік биржалардағы құлдырау біздің елімізге жанама түрде әсер етеді. Егер қор биржалары құлдырай берсе және іс жүзінде рецессия немесе жаһандық дағдарыс басталса, сәйкесінше бұл мұнай бағасына әсер етеді. Егер ол одан сайын түсіп кетсе, сәйкесінше теңге де "тұңғиыққа кетті дей беріңіз".

Мұнай бағасы онсыз да қазірдің өзінде төмен, оның одан сайын құлдырау қаупі бар. Қазір болып жатқан жағдайлар – әлі бергі жағы. Оның үстіне ОПЕК-пен келісім бұзылды, тараптардың келіспеуі әбден мүмкін. Әрине, "қара алтынның" бағасы қаншалықты түсуін нақты айту мүмкін емес, бірақ оның бір баррелінің бағасы 20, тіпті 15 долларға дейін түсуі мүмкін деп болжауға болады. Мұндай деңгей бұрын-соңды болмаған. Сауд Арабиясында мұнай өндірудің құны шамамен 20 долларды құрайды, ал кейбір жағдайларда ол мұнайдың осындай бағасын қамтамасыз ете алады. Бірақ басты мәселе - мұнай бағасының осы деңгейге түсуінде емес, төмен бағаның ұзақ мерзімге сақталу мүмкіндігінде, - дейді Арман Бейсембаев.

Оның айтуынша, қазіргі мұнайдың төмен бағасы өз деңгейін белгісіз уақытқа дейін ұзақ сақтаса, шынымен де оның арты қиын болады. Бір-екі жыл, тіпті үш жыл деп айтайық. Солай болса, шын мәнінде бізге қиын болады. Ал екі-үш ай қорқынышты емес. Шын мәнінде, біз мұндай жағдайды 2016 жылы бастан өткердік, ол кезде бір баррель үшін баға 26 долларға жеткен, бірақ көп ұзамай ол күрт өсе бастады. Содан кейін біз бұл жағдайдан абыроймен шыға алдық. Егер айталық, мұнайдың қазіргі бағасы бір жылға созылса, иә, бізде де толыққанды дағдарыс болады.

Шын мәнінде, мұнайдың қазіргі бағамы - 35 доллар, біз үшін жайсыз, мұндайда бізде белгілі бір проблемалар туындап, оны алдын-алу шараларын жүргізудеміз. Егер мұнай бағасының қазіргі деңгейлері бір-екі айға созылып кетсе, содан кейін баға қайтадан көтеріле бастайды делік, демек, бұл қорқынышты емес. Бұл жағдайда салдары біз үшін аз болады немесе мүлдем болмайды. Бірақ егер барреліне осындай 35 доллар кем дегенде бір жылға созылатын болса, онда біздің бюджетте ақша тапшылығы және теңгенің құнсыздануы түрінде белгілі бір салдарға душар боламыз. Содан кейін елде толыққанды дағдарыс басталуы мүмкін. Осының бәрі қай бағытқа, қалай ойысатынын болжап айту қиын қазір, бірақ 2015-2016 жылдардағы жағдай қайталануы мүмкін, - деп сөзін қорытындылады Арман Бейсембаев.

Дайындаған Владимир Демидов

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: