Семейде оңтүстік африкалық азамат коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызылды

13 Наурыз 2020, 18:26
Сурет: bagnet

ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Семейде коронавирус күдігімен шетелдік ауруханаға жатқызылған деген ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Желіде 12 наурызда Семей қаласының Денсаулық сақтау басқармасының 1949 жылғы Оңтүстік Африка Республикасының азаматының Дубай мен Нұр-Сұлтан арқылы Шығыс Қазақстан облысына транзитпен келгені туралы ақпараты тараған. 12 наурызда оның ыстығы көтеріліп, мұрны бітелген. Ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Елжан Біртанов бұл науқастың коронавирусқа өткізген тест нәтижелері әлі шықпанын айтты. Тест қорытындысы орта есеппен 5-6 сағатта дайын болады, кейде одан да көп уақыт кетеді , - деді министр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?