Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда коронавирустың тағы екі жаңа дерегі тіркелді

topspb.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2020 20:18 topspb.tv
Қазақстанда коронавирус науқастар саны сегізге жетті.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустың жаңа деректері тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Министр елімізде коронавирустың тағы екі жағдайы анықталғанын айтты.

Бірінші науқас - 1959 жылы туылған әйел, бұрын Мәскеуден Алматыға келген ер адамның әйелі. Олар Алматыға келгенде дереу оқшауланды. Тест нәтижесі оң шыққан, коронавирус расталды. Онымен байланыста болып, оқшауланғандардан дерт анықталған жоқ. Екінші науқас, 1995 жылы туған ер адам, Сеул - Алматы рейсімен келді. Барлық жолаушылар ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде жақын байланыстағының барлығы. Ол және ұшақтағы барлық жолаушылар жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланған, - деді Біртанов.

Қазақстанда коронавирус науқастар саны сегізге жетті.

Жалпы, Қазақстан бойынша коронавирустың 8 жағдайы анықталды. Олардың барлық байланыстағы адамдарды да анықталды. Қазір барлығы оқшауланған, біз диагностика жүргіземіз. Шалғайдағы байланысқа түскен адамдар бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр, біз оларды тауып, әзірге үй карантиніне орналастырдық, - деді Біртанов.

Қазақстанда коронавирустың алғашқы оқиғасы туралы 13 наурызда хабарланды. Бұлар Германиядан Алматыға келген еркек пен әйел адам болатын. Сол күні екі жаңа жағдай туралы хабарланды. Миланнан бір әйел Нұр-Сұлтанға ұшып келген. Германиядан ер адам Алматыға келген. 14 наурызда тағы екі қазақстандықтың індетті жұқтырғаны белгілі болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: