Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Сауда және интеграция министрлігі сауда орындарына арнайы ұсыныс жариялады

Ірі сауда объектілерінің жұмысын сағаттан 10.00-ден бастап 18.00-ге дейін шектей отырып, санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілсін.

Сурет : Youtube16 Наурыз 2020, 09:48

Коронавирустық пандемияға байланысты Сауда және интеграция министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ұсыныстар жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Президентінің COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізу туралы жарлығын орындау және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі мыналарды ұсынады:

1. Ірі сауда объектілерінің жұмысын сағат 10.00-ден бастап 18.00-ге дейін шектей отырып, санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілсін;

сауда орындарының аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары, кез-келген басқа ойын-сауық орындары жабық болуы керек;

азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері және азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекция шараларын күшейте отырып, әдеттегідей жұмысын жалғастыруы керек;

нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді тек қаптамалы түрде сату керек.

2. Санитарлық және дезинфекция шараларын күшейте отырып, азық-түлік емес базарлардың жұмысы таңертеңгі сағат 11.00-ден кешкі 17.00-ге дейін шектеу қойылсын.

Біз санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі ұсыныстар туралы тағы қосымша хабарлайтын боламыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер