Қарағандыда анықталған коронавирус фактісі бойынша тың мәлімет берілді
видеодан алынды
Жолаушылардың сыртқы ортамен байланысы болған жоқ.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қарағандыда коронавирус бойынша анықталған екі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Қарағанды облысында карантин жариялауға негіз жоқ. Барлық жағдай сырттан әкелінген, оларды ауруханаларға жеткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық барлық талаптар орындалды, жолаушылардың сыртқы ортамен байланысы болған жоқ. Барлық азаматтардың денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда, - деді ол.
Ол бұл адамдар ел астанасында жолаушыларды орналастыруда қиындықтар туындауына байланысты Қарағандыға қонуға мәжбүр болғанын түсіндірді. Сол күні Нұр Сұлтан әуежайына үш ұшақ қонды.
Бұрын хабарланғандай, Қарағандыға инфекция жұқтырған адамдар - №0324 - Минск - Қарағанды рейсінің жолаушылары. Біріншісі - 1971 жылғы, екіншісі - 1972 жылғы азаматтар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript