Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Коронавируспен ауырған америкалық қыз өзінің қалай жазылғанын айтып берді

Қыз коронавирус жұқтырғанын жазылып кеткенде бір-ақ білген.

Сурет : твиттер20 Наурыз 2020, 17:22

Калифорния тұрғыны Bjonda Haliti коронавирус жұқтырып, оның алғашқы белгілерін сипаттап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қыз өзінің оқиғасын Twitter-дегі парақшасында жазды.

Мен 22 жастамын, COVID-19 талдауы оң нәтиже берді. Кейбір адамдардың пандемияға байланысты бойындағы үрейін сейілту және бұл дерт туралы қандай да бір хабары болуы үшін өз тәжірибеммен бөліссем деп едім, - деп жазды ол.

Bjonda Haliti ауруды кімнен, қашан жұқтырып алғанын білмейді, өзі клубта жұқтырған болуы мүмкін деп болжайды.

Менен бұл дерт қандай деп көп сұрайды: айта кетейін, бұрын суық тиіп ауырғанымда бұдан да жаман тиген күндер болған. Ауруымды орташа деп бағаладым (10-нан 4-і). Алғашқы үш күн ең қиыны болды, - деп жазады қыз.

Одан кейін бойжеткен аурудың белгілері мен әр күн сайынғы жағдайын сипаттайды.

1-ші күн: ауру құрғақ жөтелден басталды, тамағым да аздап ісіп тұрды. Сол түні әлсіздікті сезіндім.

2-ші күн: Басым қыса бастады. Түнде тоңдым, температурам көтерілді. Менің қатты есімде қалған негізгі белгілердің бірі - көздің ауыруы. Көзім өте сезімтал болды. Кез-келген қимыл ыңғайсыздықты тудырды. Келесі күні ғана қыз дұрыстап ұйықтай алған.

3-ші күн: Өмірлік қуат-күшім төмендеп, өзімді әлсіз сезіндім. Жаңа ғана ұйқыдан тұрсам да денем қалтырады. Сол кезде мынандай белгілер пайда болды: құрғақ жөтел, бас сақинасының ұстауы, дененің ысуы, қалтырауы, жүрек айну. Содан дәрігерге көрінуге бел будым. Олар менің тұмау емес екенімді айтты. Дәрігер инфекция болуы мүмкін сізде деп антибиотиктер мен 800 мг ибупрофен жазып берді. Мен көп су ішуге тырыстым және дәрумендер сатып алдым. Түнде де дене қызуым көтерілді.

4-ші күн: ақыры ыстығым түсті, бірақ есесіне жаңа симптом пайда болды: ентігу түрінде. Кеудемде зілдей кірпіш жатқан сияқты көрінді. Интернетте деміңізді ішке тартып, 10-рет санаңыз дейді, соны жасап көрдім. Жоқ, ешқандай ауырсыну болмады.

Тек осы кезде ғана қыз коронавирусқа тексеріліп көрмек болады, оны ең бірінші кезде жасауы керек еді. Бірақ тест тапсыру өте қиын шаруа болған, сондықтан бойжеткен өз бетімен емделуді жалғастыра берген.

5-ші күн: Дерт белгілері: тамақ ауруы, жөтел, ентігу. Басында көрінген дәрігеріме барып, мені коронавирусқа тексеріңіздер деп талап еттім. Дәрігер ондай ешқандай белгілер жоқ деп сендіруге тырысты. Бірақ қыз алған бетінен қайтпаған.

"Мен сондай-ақ кеуде қуысын рентгенге түсіруді сұрадым, бәрі ойдағыдай болды. Маған карантинді жалғастыруға кеңес берілді, ал талдау нәтижесі 5-6 күннен кейін қолыма тиді!!!!!"

6-күн: Антибиотиктер мен Ибупрофенді үнемі қолданғандағы мендегі белгілер: тамақтың ауруы, жөтел, ентігу. Әлсіздік кете бастады. Қыз ибупрофеннің жағымсыз әсер етуі мүмкін екенін білген. "Жоғарыда айтылғандай, маған оны COVID19-ға тестілеуден бұрын бактериялық инфекцияға тағайындады. Мен Ибупрофенді 4-ші күнге дейін қабылдадым"

7-ші күн: тамақ аздап ауыратын болды, жөтелім де азайды, ентігу. Бойымдағы күш қалыпқа келе бастады.

8-ші күн: құр жөтел.

9-күн: Менің жөтелім қайта қиындады, әлсіздік жоқ.

10-күн: құр жөтел, қақырық, әлсіздік жоқ. Коронавирус нәтижесі келді: оң деп көрсетіп тұр.

Қыз үйде отырып, емделуді жалғастырды. Өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінеді екенсіз нақтылық бар кезде.

"Маған қайта тексерілу керек. Егер мені қайта тексере алатын дәрігер табылса. Бұған дейін бұл ретте жолым болмады", - деді Бжонда Халити.

"Дәрігердің нұсқауына сәйкес, мен өз-өзімді оқшауладым. Сұйықтық ішудің қаншалықты маңызды екенін бір ауыз сөзбен жеткізе алмаймын. Сұйықтық жиі ішу - бұл ең бастысы!" - деді америкалық қыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер