Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыда жолаушыларына блок-бекетті айналып өтуге уәде берген таксиші жігіттер ұсталды

Алматы полиция департаменті ел азаматтарын тағы бір мәрте заңға бағынуға және жол кедергілерін айналып өтудің заңсыз жолдарын іздемеуге шақырады.

Сурет : polisia.kz22 Наурыз 2020, 20:41

Алматы полициясы қаланың батысында орналасқан № 20 бақылау-өткізу бекетінде бес таксишіні ұстады. Олар өз жолаушыларына ақшасын төлесе, блок-бекеттерден айналып өтіп, қалаға кіргізуге уәде берген, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар өздерінің бұл қызметін бір адам үшін 3000-5000 теңгеге дейін бағалаған.

Ер азаматтар ҚР ККАП-тің 476-бабы, яғни "Төтенше жағдайды бұзу" бойынша қылмыс жасағаны үшін ұсталып, жауапқа тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен бұл адамдарға айыппұл салынды, - деді Наурызбай аудандық полиция бөлімінің бастығы Дидар Аханов.

Осыған орай, Алматы полиция департаменті ел азаматтарын тағы бір мәрте заңға бағынуға және жол кедергілерін айналып өтудің заңсыз жолдарын іздемеуге шақырады.

Бұл әрекеттеріңізден түк шықпайды, бәрі нәтижесіз болады. Төтенше жағдай кезінде оңай ақша тапқысы келетіндерге заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін. Мұндай фактілер тамырымен жойылып отырады, - деді Аханов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер