Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ипотекасы барлар төлем мерзімін үш айға шегере алады

lsbf.org.uk, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2020 01:24 lsbf.org.uk
Ай сайынғы төлемді кейінге қалдыруды мемлекеттік операторлар қашықтықтан байланыс арналары (жеке кабинет, telegram-боттар, ресми сайттар) арқылы өтініш берушінің жүгінуі арқылы жеке тәртіппен қарайтын болады.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ҚР Президентінің тапсырмасын орындай отырып, елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты ел азаматтарына көмектеседі. Атап айтқанда, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент) Қазақстанда төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде мемлекеттік және меншікті бағдарламалар шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсынады.

2020 жылдың 23 наурызында Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін Холдингтің тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары барлық төлемдер бойынша, негізгі қарыз бен сыйақы сомасын қоса алғанда, тұрғын үй және тұрғын емес жылжымайтын мүлік объ-ектілерін сатып алу құқығымен жалдау/сатып алу-сату (оның ішінде бөліп төлеу) бар-лық мәмілелері бойынша, айыппұлдар мен өсімақы есептемей, алдағы 3 айға (сәуір-маусым) төлемдерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Кейінге қалдыруды мемлекеттік операторлар қашықтықтан байланыс арналары (жеке кабинет, telegram-боттар, ресми сайттар) арқылы өтініш берушінің жүгінуі арқылы жеке тәртіппен қарайтын болады.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталықтардың нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі: 300

Қазақстандық Ипотекалық компания: +7 800 080 44 48

Бәйтерек девелопмент: +7 7172 79 65 60, +7 800 080 01 01

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: