Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Елордаға кісі тасыған такси жүргізушісі коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызылды

Көлікке мінген екі жолаушы 1Б санатына жататын шетелден келгендер болып шықты.

Сурет : aif.ru26 Наурыз 2020, 10:07

Нұр-Сұлтанға кісі тасып жүрген такси жүргізушісі коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

25 наурызға қараған түні елорданың екі тұрғыны Талапкер ауылының маңында орналасқан өткізу-бақылау бекеті арқылы өтуге тырысқан. Олар Мальдив аралдарында ( 1б санатқа жатады) демалып келген. Нұр-Сұлтанға Қостанай облысы арқылы таксимен келген. Такси жүргізушісі елордаға жетпей екі азаматты өткізу-бақылау бекетінің қасынан тастап кеткен. Өткізу-бақылау бекетінде медицина және полиция қызметкерлері азаматтардың денсаулығын тексеріп, барлық қажетті шараларды қабылдады. Олар жедел түрде стационарға жеткізіліп, коронавирус инфекциясына сараптамадан өтті.

Ал такси жүргізушісі Петропавловскта ұсталды. Ол да стационарға жіберілді. Елорда әкімдігі тәртіп бұзғандар қатаң түрде жазаланатынын еске салады.

Қала аумағында өткізу-бақылау бекеттері орнатылды. 22 наурыз сағат 00-ден бастап елордаға кіруге де, шығуға да тыйым салынды. Осы аралықта қалаға келіп-кету тәртібін бұзудың 46 фактісі тіркелді, 29 тәртіпбұзушы 15 тәулікке қамауға алынды. Кей адамдарға айыппұл салынса, басқалары сот шешімін күтіп отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер