Жаңалықтар тізбегі
0

Путин коронавирусқа байланысты келесі аптаны демалыс күндері деп жариялады

kremlin.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2020 16:21 kremlin.ru
Ол коронавируспен күресте орысбайшылыққа салынып, "мүмкін менен айналып өтеді" деген көзсіздікті доғаруға шақырды.

Ресей президенті Владимир Путин Халыққа жолдауында ресейліктерді коронавирустан өздерін және жақындарын қорғауға және үйде болуға шақырды, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Барлық айтылып жатқан ұсыныстар сақталуы керек, өзіңізді және жақын адамдарыңызды қорғаңыздар! Қазір ең қауіпсізі - үйде болу, маған сеніңіздер!, - деді Ресей Президенті "Россия 24" телеарнасындағы тікелей эфирінде.

Коронавирустың таралу қаупіне байланысты ол келесі жұмыс аптасын демалыс деп жариялады. Демалыс күндері 28 наурыздан 5 сәуірге дейін жалғасады.

Аурудың таралуын азайту үшін ұзақ демалыс күндері қарастырылды, - деді ол.

Соңғы мәліметтер бойынша, Ресейде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 658-ге дейін өсті, 29 адам сауығып шықты. Ресей басшысы көптеген елдерде әлі де індетті жұқтырушылар санының өсуі байқалып отырғанын атап өтті.

Ол коронавируспен күресте орысбайшылыққа салынып, "мүмкін менен айналып өтеді" деген көзсіздікті доғаруға шақырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: