Жаңалықтар тізбегі
0

Италияда әкімдердің өзі тікелей эфирден халықтың жер-жебіріне жетіп, ұрсып жатыр

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2020 20:49 видеодан алынды
Иттерін серуендеуге алып шығатындар да оңбай сөз естіді.

Италия қалаларының басшылары халқын үйге тыға алмай әлек. Ақырында бүкіл әдепті жинап қойып, олар қала тұрғындарына тікелей эфирден ұрсуға көшті, деп хабарлайды zakon.kz.

Италияда 74 386 адам COVID-19 дертін жұқтырған, олардың 7 503-і қайтыс болды. Коронавирустан өлген адамдар саны бойынша да әлемде көшбастап тұр. Италияда карантин бар, азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, мұқым елде мектептер, барлар және сауда нүктелері жабық. Тұрғындарға бір елді-мекеннен екіншісіне баруына тыйым салынған, ал төтенше жағдай кезінде қажеттілік кезде сыртқа шығуға рұқсат, бұл мүмкіндікті қала тұрғындары аздап серуендеп, бой жазуға пайдаланып қалып жатыр.

24 наурызда - сейсенбіде жарияланған қаулыға сәйкес, коронавирус диагнозы қойылған адам карантинді бұзғаны үшін ең жоғарғы жаза енді үш ай емес, бес жылға бас бостандығынан айыру ретінде қайта өзгертілді. Ең аз деген түрме мерзімі - бір жыл. Ал дені сау адамдарға үйде отыруды қала әкімдері мен облыс басшылары ұрсып тұрып жеткізіп жатыр.

Мәселен, Лучера қаласының мэрі Антонио Тутоло індетке қарамастан әйелдердің шашын қию үшін үйіне баратын шаштараздар қызметін сынға алды. Россано-Венето қаласының мэрі Морена Мартини де осындай пікірде.

Табыт жабық болатынын, одан сіздің шашыңызды ешкім көрмейтінін білмейсіз бе? - деді Тутоло.

Кампания аймағының басшысы Винченцо де Лука жаппай іс-шаралар мен жиналыстарды ұйымдастырушыларды қаруы бар полициямен қудалаймын деп қорқытты, ал Бари қаласының мэрі карантин кезінде теңіздің жағасына серуендеуге шыққандарды өзі үйіне қуып тыққан, оның орнына үйде жағажайда ойнайтын онлайн теннис ойыны - Play Station-ды ойнауға кеңес берген.

Делия мэрі таза ауада жүгіргісі келетіндердің күрт артуына таң қалысын білдірген, оның сөзіне қарағанда, қалыпты күндері жүгіруге шыққан 20-дан аса адам байқалмайтын.

Иттерін серуендеуге алып шығатындар да оңбай сөз естіді.

Қайда апарасыз, ол итті? Немене кіші дәреті ұстамай ма? Оған түк те болмайды. Сіз үйде отыруыңыз керек! Күніне 400-ден астам адам қайтыс болып жатыр, осыны түсінбейсіз бе? Өліп жатыр дейміііін! - деді Гуалдо Тадино қаласының мэрі Массимигльяно Прешутти.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: