Нұр-Сұлтанда теракт жасамақ болған адам ұсталды
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Тергеу әлі жүргізіліп жатыр.
2020 жылғы 25 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелері бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті деструктивті діни ағымның өкілі ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол ДАИШ халықаралық террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясына елітіп, астанада теракт жасамақ болған деген күдікке ілініп отыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде одан жарылғыш элементтері бар үйде жасалған жарылғыш зат тәркіленді.
Бұл адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 255-баптары, яғни "Терроризм актісіне дайындық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу әлі жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript