Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Нұр-Сұлтандағы облыстық аурухана карантинге жабылды

Сонымен қатар №1 автобус паркі де карантинге жабылды.

Сурет : Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі27 Наурыз 2020, 11:28

Манас көшесінде орналасқан №2 көпсалалы облыстық аурухана карантинге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байланысқан адамдар карантинге жіберілді. Орынжайдың барлығына дезинфекция жасалды. Науқастарға келуге тыйым салынды. Сонымен қатар №1 автобус паркі де карантинге жабылды. Автопарктың барлық аумағына, автобустарға дезинфекция жүргізілді. Байланыста болған кісілер стационарға жіберілді, делінген хабарламада.

2020 жылы 28 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап халық көп жиналатын орындар - саябақтар, скверлер, жағалаулар, ойын алаңдары және т.б. жабылады. Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық (отбасы мүшелерінен басқа) топтасып жиналуға тыйым салынады, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз қалада жүруіне тыйым салынады. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу, медициналық қызмет алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектеледі

Елордаға кіру және шығу бойынша қатаң режимді бұзған 60-тан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 46-сы қамауға алынды. Бұдан өзге, ТЖ режимін бұзғаны үшін 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер