Полиция қызметкерлері адамдарды тоқтатып, көшеде неге жүргенін сұрайтын болады
видеодан алынды
Сондықтан кез келген азаматтың басшының немесе кадр бөлімінің қызметкерінің жанында телефон нөмірі болған жөн.
Полиция қызметкерлері көшедегі азаматтарды тоқтатып, олардың қайдан келгенін, қалада не істеп жүргенін сұрауға құқылы, деп мәлімдеді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.
Көшеге шыққан азаматтар полиция қызметкерлерінің өздерін тоқтатып, сұрақ-жауап алатындығына дайын болуы керек. Сондықтан кез келген азаматтың басшының немесе кадр бөлімінің қызметкерінің жанында телефон нөмірі болған жөн. Бұл олардың ол адамның жұмысқа шыққанын растауы үшін керек, - деді Абаев.
Министр түн ортасынан бастап үйден шығуға қатаң шектеулер қолданыла бастағанын еске салды. Тек, тамақ, дәрі сатып алуға немесе жұмысқа баруға ғана рұқсат етіледі.
Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар үйлерге жақын орналасқан, сондықтан полиция қызметкерлері азаматтың дәрі-дәрмек немесе азық-түлік сатып алып, содан кейін үйге беттегенін бақылауға құқылы, - деді министр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript