Жаңалықтар тізбегі
0

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2020 19:10 liter.kz
Бұл өңірді алдында Қуанышбек Ысқақов басқарған болатын.

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын" делінген Ақорда жариялаған хабарламада.

28 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.

27 наурызда кейбір БАҚ-та облыстың бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны болжанған мәлімет пайда болды.

Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген, экономист-сарапшы.

Еңбек өтілі:

- Қызылорда облысы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің аға инспекторы (1987-90 жылдары);

- Қызылорда облысы әлеуметтік қорғау басармасының бөлім бастығы (1990-94 жылдары);

- Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің кеңесшісі (1994-95 жылдары);

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы (1995-99 жылдары);

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халыты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директорының орынбасары, департамент директоры (1999-2003 жылдары);

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2003-2005 жылдары);

- "Мемлекеттік аннуитеттік компания" Өмірді сақтандыру жөніндегі компаниясы" АҚ Басқарма төрайымы (2005 жылдан бастап);

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2009 жылғы 4 наурыздан бастап);

- Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары (2013 жылғы 28 қарашадан бастап);

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы (2014 жылғы 11 қарашадан бастап);

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (11.11.2014-02.2019);

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (02.25.2019 - 08.20.2019)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: