Қарағандыда коронавирустан көз жұмған науқас 62 жаста болған

РСК Алматы РСК Алматы
Ер адам, 62 жаста болған. 30 наурызда ол ауруханаға түсті. Бүгін, 1 сәуірде, таңертеңгі сағат 7-де науқастың жүрегі тоқтап қалды.

Қарағанды ​​облыстық Денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан көз жұмған науқас жайлы дерекпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ер адам, 62 жаста болған. 30 наурызда ол ауруханаға түсті. "Екі жақты пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі" диагнозы қойылды, жағдайы ауыр деп белгіленген. Ер адам аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Жүргізіліп жатқан ем-домдарға қарамастан науқастың жағдайы нашарлай түсті. Бүгін, 1 сәуірде, таңертеңгі сағат 7-де науқастың жүрегі тоқтап қалды.

Жүргізіліп жатқан реанимациялық шаралар нәтижесіз болды. Бұрын ер адам ауруханаға жатып, ем қабылдамаған.

Марқұммен тығыз байланыста 36 адам болған, одан бөлек тағы 20-сы байланыста болуы ықтимал адам ретінде анықталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз