Н.Нығматулин: Президенттің азаматтар мен бизнесті қолдау туралы шаралары өте өзекті

Ж.Құспанов Ж.Құспанов
Палата Спикері бұл жұмыста мемлекеттік органдардың да, депутаттық корпустың да, бизнес-құрылымдардың да бірлескен күш-жігері маңызды екенін айтты.

1 сәуірде Мәжілістің жалпы отырысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдайлар кезінде азаматтар мен бизнесті қолдау үшін қосымша шаралар ұсынған мәлімдемесіне тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Өздеріңізге белгілі, кеше ғана Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев қалыптасқан жағдайға байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Онда Мемлекет Басшысы осы күрделі кезеңде, елімізді, халқымызды жан-жақты қолдаудың өте маңызды екенін айтып, осы жолда қосымша шаралар қолға алынатынын атап өтті. Бұл қазіргі уақытта өте керекті шаралар, ең алдымен, экономикамыздың тірегі - шағын және орта бизнесті күшейтуге арналып отыр. Сонымен бірге, азаматтардың әлеуметтік жағдайын да одан әрі тұрақты ұстауға бағытталған. Сол үшін республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлінеді. Бұл қазақстандықтарды уақытша қиындықтан аман алып шығу үшін, мемлекет тарапынан жасалған тағы бір нақты қадам, - деді Нұрлан Нығматулин.

Палата Төрағасының пікірінше, Мемлекет Басшысының мәлімдемесі қазіргі жағдайды бақылауға ғана емес, дағдарыстан кейінгі кезеңге арналған нақты іс-қимыл жоспары.

Бұл шаралардың барлығы уақытылы және төтенше жағдай кезінде азаматтарды да, бизнесті де қолдауға бағытталғанын атап өткен Мәжіліс Төрағасы енді қазақстандықтардың әрбір санатына барынша қысқа мерзімде мемлекет тарапынан маңызды көмекті әрбір салаға жеткізуге мүмкіндік беретін нақты тетіктер қажеттігіне назар аударды.

Осы ретте Палата Спикері бұл жұмыста мемлекеттік органдардың да, депутаттық корпустың да, бизнес-құрылымдардың да бірлескен күш-жігері маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Президенттің аграрлық секторда, ең алдымен, көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы жүргізуге, сондай-ақ жол картасы аясында азаматтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін жұмыспен қамту саласына қойған міндеттерінің өзектілігіне ерекше назар аударды.

Осы қабылданған шараларға сәйкес, депутаттық корпус дағдарысқа қарсы шаралардың тиімділігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық деңгейде барлық қажетті қолдау көрсетеді, - деді Нұрлан Нығматулин.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз