Тоқаев ЕАЭҚ-тағы бірыңғай техтөлқұжат келісіміне Арменияның қосылуы туралы Заңға қол қойды

parlam.kz parlam.kz
Армения электронды паспорт жүйесін енгізу жауапкершілігін өз мойнына алады.

Мемлекет басшысы "2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Хаттамада Арменияның келісімге қосылуы қарастырылған, онда электронды паспорт жүйесін енгізу міндеттемесі бар.

Cонымен бірге бұл құжат бірыңғай төлқұжат қалыбы, оның ішінде электронды формасын пайдалану, ЕАЭО аумағында тіркеуге жататын көлік құралдарын және басқа да техника түрлерін пайдалану мәселелерін реттейді.

Электронды төлқұжаттарға көшу ЕАЭО техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін техниканы айналымға шығарылуына жол бермейтіндігі бұрын айтылған болатын.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз