Жаңалықтар тізбегі
0

Оқушылар IV тоқсанда бір БЖБ, бір ТЖБ тапсырады

bolashakschool.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2020 20:35 bolashakschool.kz
Әдеттегі білім беру күнтізбесі бойынша оқушылар, негізінен, осы тоқсанда 2-3 БЖБ мен ТЖБ тапсыру керек болатын. Енді оның орнына тек бір-бірден тапсырады оны.

Интернеттегі брифинг барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп оқушыларының IV тоқсанда БЖБ мен ТЖБ-ны қалай тапсыратынын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Төртінші тоқсанда 7 оқу аптасы бар, оның 3-5-ші оқу аптасы өткенде БЖБ мен ТЖБ өткізетін уақыт келеді. Барлық пәндер бойынша БЖБ бір-ақ рет өткізіледі. Бұрын біздің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау бойынша оның саны 2-3 болуы керек еді, ал осы тоқсан бойында тек бір рет ТЖБ өткізу туралы шешім қабылданды, - деді Каринова.

Оның айтуынша, оқу жылының соңында БЖБ бір рет қашықтық форматта өтеді.

Мұғалім, бұрынғыдай, оқып аяқтаған бөлімдер үшін жиынтық бағалауды жүргізе береді. БЖБ - бұл төртінші тоқсанда өткен барлық оқу көлемі. Олар сонымен бірге оқу тапсырмасын құрып, оны балаларға жеткізіп отырады. Балалар тапсырманы орындайды. Әрине, бұл жағдайда академиялық адалдық, шыншылдық, оқушылардың тәуелсіз көзқарасы да болуы керек. Ата-аналар да осыны естен шығармауы керек, өйткені бәрімізге баға емес, алған білім маңызды екенін дұрыс түсінуіміз қажет. Мұны барлығы түсінуі керек, - деп сөзін толықтырды вице-министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: