Жаңалықтар тізбегі
0

Еңбек министрі әлеуметтік желідегі 42 500 теңгеге қатысты сыни жазбаларға жауап берді

kazlenta.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2020 17:14 kazlenta.kz
Ал "басқасы деген Бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) төлеушілер" (ресми емес жұмыс істейтіндер үшін) төтенше жағдай енгізілгенге дейін, яғни 16 наурызға дейін, кем дегенде бір төлемі болсын деген талап етілмейтінін білдіреді, бірақ сіз оны қазір төлей аласыз.

Көптеген қазақстандықтар Еңбек министрінің 3 сәуірдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне және табысынан айрылуына байланысты 42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы алуға кім жүгіне алатындығы туралы бұйрығына енгізілген түзетулерді дұрыс түсінбей, әлеуметтік желілерде қатты-қатты сөз айтып жатыр. Бұл жазбаларға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап беріп, кімнің әлеуметтік жәрдемақы алатындығын тағы бір рет нақтылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрдің әлеуметтік желідегі жазба авторларына берген жауабы Facebook-тегі парақшасында жарияланды. Қазақша аудармасын сол қалпында өз назарларыңызға ұсынамыз.

"Қымбатты достар, бірнеше сағат болды, міне әлеуметтік желілерде бейресми жұмыс істейтін адамдар әлеуметтік төлемдерден (42,500 теңге) қағылып, тағы да түксіз қалды деген сипатта жазбалар жарияланып жатыр (авторлар Хайруллин Арман, Мика Хорошая және басқалар). Мәселен, «Облом ниже пояса?...» деген жазба авторы Еңбек министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы бұйрығына Еңбек министрінің 2020 жылғы 3 сәуірде енгізген өзгерісін жіліктеп талдайды. Яғни, менің бұйрығым жайлы сөз болып жатыр, сондықтан оны өзімнің түсіндіруіме рұқсат беріңіздер.

Бірден айта кетейін, құрметті Арман қатты қателеседі. 3 сәуірдегі бұйрықта бұл ретте тек бір жаңалық қана коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты енгізілді (Кооперативтердің ұлттық қауымдастығының және Қазақстан Республикасындағы өзге экономикалық қауымдастықтардың да үндеулері болды).

ЕШТЕҢЕ ӨЗГЕРГЕН ЖОҚ деп автор келтірген нормаларды қарапайым сөзбен түсіндірсек, ол мынаны білдіреді:

- барлық жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін (жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы, бірыңғай төлем төлеушілер) төтенше жағдай жарияланғанға дейін соңғы 12 айда кемінде бір рет әлеуметтік жарна аударғаны жеткілікті. Онсыз да бұрын осылай айтылды емес пе? Ал бейресми түрде өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін, ешқашан әлеуметтік жарналары болмағандықтан (сондықтан оларды ресми емес өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар деп атайды) біз бір жолғы жиынтық төлем төлесе жеткілікті деп айттық қазір. Әлде олай делінбеп пе еді?

Бәрі бұрынғыша қалған. Бұл тәртіп 3 сәуірдегі түзетулер кезінде ӨЗГЕРГЕН ЖОҚ. Бұған оп-оңай көз жеткізуге болады. 2020 жылғы 26 наурыздағы бұйрықтың мәтінімен жаңасын салыстырсаңыз жетіп жатыр.

Құрметті осындай жазбалардың авторлары, мен жоғарыда айтқандарымды қарапайым сөздермен жаздым (әдеттегідей), бірақ заңды түрде ол сіздің жазбаларыңызда дәлме-дәл келтірілген, атап айтқанда:

"Әлеуметтік төлем тағайындалмайды:

• Төтенше жағдай енгізілген күнге дейінгі 12 ай ішінде Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір рет қатыспағандар, Бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) төлеушілерден басқасы деген бұл төтенше жағдайға дейін соңғы 12 айда сізде ең болмағанда бір рет аударым болу керектігін білдіреді. Егер кем дегенде бір аударым болмаса, онда әлеуметтік төлем тағайындалмайды".

Ал "басқасы деген Бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) төлеушілер" (ресми емес жұмыс істейтіндер үшін) төтенше жағдай енгізілгенге дейін, яғни 16 наурызға дейін, кем дегенде бір төлемі болсын деген талап етілмейтінін білдіреді, бірақ сіз оны қазір төлей аласыз. Сондықтан,ары қарай өздеріңіздер де мысалға келтіргендей былай деп жазылады:

"Тағайындалмайды" - өтініш берген күнге дейін 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір ай да қатыспаған Бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) төлеушілер.

Яғни, Бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) төлеушілердің ерекшелігі, басқалардың төтенше жағдайға дейін аударған әлеуметтік жарналары болуы керек, ал Бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) төлеушілер өтініш бергенге дейін кез келген уақытта, бірақ соңғы 12 айда кемінде бір рет аударымы болуы тиіс.

Барлық оқырмандар үшін тағы бір рет баса айта кетейін, 3 сәуірден бастап Бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) төлеушілерге қатысты ЕШҚАНДАЙ өзгеріс болған жоқ".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: